57
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында 2021 жылы жалпы 85 жобаны (48,6 млрд теңге) жүзеге асыру жоспарланған.
Соның ішінде ауызсумен қамту көрсеткіші — 96 %. Биыл жалпы 25,6 мыңға жуық адамның ауызсуға қолы жетпек.
I – тоқсанда бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі ауызсу жүйелері құрылысы бойынша Тұран шағынауданында – 86 пайыз, Асар-2 – 41 , Солтүстік саяжай – 35, Ынтымақ 2, Жаңатұрлан – 89 және Жаңаталапта – 87 пайыз жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, магистралды үш нысан – Көмешбұлақ 4,48 шақырым (60 %), 9,37 шақырым және 10,61 шақырым суаққы құрылысы атқарылуда.
Шымкентте су тасу мәселесі түбегейлі шешіледі.
Please follow and like us: