Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

91қаралым
Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы zoom арқылы online өтті. Кеңесте Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиця полковнигі Алмас Амзеев құқық бұзушылықтар профилактика мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Кеңес мүшесі Бекайдар Төлегенов баяндамашыға не себепті полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов өзі есеп бермегенін және полиция қатарындағы аттестациялау жұмыстарында Nur Otan партиясының мүшелері не үшін қосылмаған деп сұрады. Алмас Балтабайұлы полиция департаментінің бастығы бүгін азаматтарды қабылдап жатқанын айтты. Ал аттестациялау жұмыстары бойынша ашықтыққа дайын екенін жеткізді.
Кеңес мүшесі Жанұзақ Алибеков Шымкентте 2020 жылы 10154 қылмыс тіркелгенін айтып, оны әр күнге бөлсе бір күнде 28 қылмыс орын алатынын алға тартты. Бұл бағытта қылмыс себептерін жою үшін қандай ұсыныстар енгізгенін сұрады. Алмас Амзеевтің айтуынша, биыл Шымкентте 3700 дана бейнекамера орнату жоспарланған. Егер ол камералар толық орналастырылса Шымкент қауіпсіз қалаға айналады.
Мектеп инспекторлары жетіспеушілігін айтқан кеңес мүшесі Шадия Жиенге полиция департаменті бастығының орынбасары полиция қатарын көбейту бойынша ұсыныс әкімшілікте жатқанын мәлімдеді.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай «полиция департаментінің функцияналдық міндеттері көп. Келесі кеңестің отырысында полиция бастығы өзі есеп береді деп сенеміз» деді.
Please follow and like us: