Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

БАЛАҒА БЕРІЛЕТІН ҚАРЖЫ МЕН ШОШҚАҒА БЕРІЛЕТІН ҚАРЖЫ….

80қаралым

Ауылшаруашылық «айды аспанға шығарды» ау?  Шошқаға берілетін субсидия 140 000 теңге қосымша жем шөбіне 40 000 теңге берілетін болыпты. Ал, әр туылған нәрестеге 10 500 теңге…. Ары қарай сөз жалғауға да келмейді ау?

Біздің ел адамға қарағанда шошқаға көңіл бөлгені ма? Адам тағдырына бей жай қарағаны былай тұрсын, шошқа бағуды ұсынып отырғандарда қандай «мимен ойлап» айтыпты?

Әлемжелідегі жазбаларға тоқталсақ:

Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ:

Əр балаға айына 10500 теңге, əр торайға айына 15000 теңге (жылына 180 000) көмек беретін мемлекет билігіне қазақтың баласынан шошқа артық болғаны ма?

Акдана Кайрамбекова Шошқаның абыройы көпбалалы аналардың абыройынан асып түсті. Шошқа екенсің десе қуанатын болдық.

желідегі жазбаларды салсақ әрине ұзын сонар болмақ. Алайда, шошқа  бағуды ұсынып субсидия беруді тек қаражаттың қайда кеткенін жасыру деп түсіндім. Естеріңізде болса ҚазАгродағы даулы мәселе.(оған бөлек тоқталам) Бұл қазақылықты жою, еттің бағасын аспандату мен жайылымдағы жылқыларды шошқаға айырбастаудың жолы  ма дерсің?

Ауылшаруашылық министрлігінен дені түзу ұсыныс қашан болар екен?

А.Сулеева

Please follow and like us: