Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БАУЫРЫН ҚҰРТ БАСҚАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ШАРАНАСЫМЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

85қаралым
Босану мерзімі келген жиырма алты жастағы жүкті әйел Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Эхинококты кистасы жарылу қаупінен, ана мен бала өмірі қыл үстінде тұрған.
Дәрігерлер уақыт жоғалтпай күрделі ота жасауға бел буады. Облыстық клиникалық аурухана мен №1 облыстық перинаталды орталығының білікті мамандары бірлесе бірден екі операция жасаған.  Отаға жетекшілік еткен облыстық клиникалық  аурухананың дәрігер-хирургы Жеңіс Серғазин. Білікті мамандар  әйелді кесарь тілігімен босандырып болған соң, сол жақ бауырын қаптаған құрттан лапаротомия әдісі арқылы тазалаған.
Төнген қауіпке қарамастан ана мен бала дін аман. Салмағы 3 келіден астам қыз бала дүниеге келді. Сәби қазір перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Анасы облыстық клиникалық ауруханада ем қабылдауда. Жағдайлары қанағаттанарлық.  Науқас әйел он күн емделіп болған соң перзентімен қауышатын болады.  Жалпы, ауруханада бауыр құртына жасалынып отырған биылғы жылға бұл осымен екінші ота.
Please follow and like us: