Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНЫ

66қаралым
Салтанат Қолдасова Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №4 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонист лауазымында қызмет атқарады. Нәзік жан өз өмірін Отанымыз үшін құрметті және жауапкершілігі жоғары мамандықпен байланыстырған. Темірдей берік мінезді, экстремальды жағдайларға әрдайым дайын өз ісінің маманы.
Азаматтық қорғау прапорщигі Салтанат ханым Қызылорда қаласында туып, сонда өскен. 1992 жылы орта мектепті бітіргеннен соң ол өз өмірін өртке қарсы қызметімен байланыстыруды шешеді. Қызылорда қаласындағы №154 өрт сөндіру бөліміне радиотелефонист қызметіне орналасады. 2003 жылы ол Шымкент қаласының «101» қызметіне ауысады.
Бір қарағанда өртке қарсы қызметтің радиотелефонистерінің қызметі қиын емес көрінеді. Алайда бұл олай емес. Орта есеппен есептегенде тәулігіне түрлі сипаттағы 100-ге жуық қоңыраулар келіп түседі. Ал өрт қауіпті кезеңде одан да көп болады. Радиотелефонист тек қоңырауларды қабылдап қоймайды. Ол ақпаратты нақтылайды және қайда жанып жатқандығын, адамдарға қауіп төніп тұрма барлығын анықтайды, алынған мәліметтерге қарап, жөнелтілетін техникалар мен өрт сөндірушілердің санын анықтайды. Одан бөлек диспетчер полиция, жедел-жәрдем және басқа да қызметтермен хабарласады. Ал ауқымы үлкен өрттерде бұл қиынырақ болады.
Ол тек өз ісінің маманы ғана емес, сүйікті жар және көпбалалы ана. Оның төрт баласы бар. Салтанат ханымның кіші ұлы Ерасыл болашақта өрт сөндіруші-құтқарушы болғысы келеді. Ал анасы оны толық қолдайды. Өйткені ол ел игілігі үшін қызмет ету-лайықты іс деп санайды. Сондай-ақ оның үлкен қызы дәрігер, үлкен ұлы Полиция Департаментінің қызметкері.
Өзінің мінсіз қызметі үшін Салтанат Қолдасова «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» — ІІІ дәрежелі, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» — ІІ дәрежелі, «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» — І дәрежелі медалімен марапатталған.
Жұмыста ол – радиотелефонист. Салмақты, жауапкершілігі мол, дер кезінде шешім қабылдай алады, ал үйде басқада әйелдер секілді сүйікті жар және қамқор, мейірімді, нәзік, ұқыпты ана. Басқа сөзбен айтқанда өрт сөндіру қызметінің нәзік күші, сондай-ақ өз ісінің маманы.
Please follow and like us: