Яндекс.Метрика
Қоғам

Антына адал шымкенттік тергеуші

87қаралым
Тергеушінің міндеті — өз елінің, өз қоғамының мүшелерінің мүддесін қорғау, құқығына қол сұғушылықты болдырмау, алдын алу және қол сұғушылық орын алған жағдайда әлеуметтк әділеттіліктің орнауына ықпал ету. Тергеуші қандай қылмыстық іс бойынша қай бағыттағы мәселені шешсе де, осы ұғым ұдайы оның басшылығында болады, оның функцияларын жүзеге асыруына бағыт-бағдар сілтейді.
Осы жауапкершілігі мол мамандық иелерінің бірі – полиция капитаны Бекжан Қыдырбаев.
Бекжан Нұрматұлы 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясын тәмамдаған. 2014 жылы – ОҚО Түлкібас ауданы Полиция басқармасының тергеушісі, 2014-2019 жылдар аралығында – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Есіл ауданы Полиция басқармасының аға тергеушісі болып қызмет еткен. 2019 жылдан бастап Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі болып қызмет атқаруда.
Білікті тергеуші 2020 жылы 8 жыл бойы жұмбақ болып келген Ауған соғысы ардагерінің өліміне қатысты ауыр қылмысты ашқан.
«Қылмысты ашу, қылмыс жасаған айыптыларды әшкерелеу, істердің көпшілігінде арнайы құралдар мен әдістерді қолданатын ұзақ күрделі жұмыстарды қажет етеді. Жан-жақты, объективті, толық түрде жүргізілген алдын ала тергеу әрекеттерінің қорытындылары сотта іс қарау барысында заңды, негізделген, әділ үкім шығаруға жағдайлар туғызады.» — дейді Бекжан Қыдырбаев.
Please follow and like us: