Яндекс.Метрика
Қоғам

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ

64қаралым
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан №83 жалпы орта мектепте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында жасөсіпірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Асылжан Байсариев оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция инспекторы Асылжан Байсариев оқушыларға түрлі мысалдар келтіре отырып, оқушылардың құқықтары жөнінде, құқықтық заңдарын бұзған жағдайда қандай жазалар болатыны туралы айта кетті.
«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі — олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қылмыстың алдын -алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру» -деді полиция капитаны Асылжан Байсариев.
Please follow and like us: