119
8 наурыз — халықаралық әйелдер күні мерексі қарсаңында Шымкент қалалық полиция департаментінде еңбек етіп келе жатқан аруларымыз жөнніде жазғанды жөн көрдік.
Арманы асқақ Диана мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әке жолын жалғап, полицей қызметкері болсам деп алдына биік мақсат қойды. Табиғатынан ұяң қыз асыл арманың ешкімге тіс жарып айтпады. Оның әкесі кезінде Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан еді.
Әке жолын қуып, аманат арқалап жүргендердің бірі Диана Есенгельдиева. Полицияда 2018 жылдан бері еңбек етіп, ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген көпке үлгі болған Диана Шымкент қаласының Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің Туристерге қызмет көрсету жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты болып қызмет атқарады. Ол да әкесі сияқты адалдығымен, жанкештілігімен көзге түсіп, келешекте Ішкі істер органдарының зейнеткері болғысы келеді. мамандығына деген сүйіспеншілігінен болса керек, Диана өзіне жүктелген міндеттерді тиянақтылықпен, жауапкершілікпен атқаруда.
Please follow and like us: