Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БАҒДАТ МУСИН SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСТАМАЛАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

90қаралым
Шымкенттегі іс-сапары барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Берікұлы мен қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Silkway Халықаралық университетінің базасында орналасқан «SmartHub»тың және Шымкент қаласы IT компанияларының жобаларымен таныстырды.
SmartHUBтың негізгі мақсаты — Цифрлық технологияларды пайдалана отырып қызметкерлерге, білім алушыларға қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ барлық салада цифрлық технологияның енуін қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
Бүгінгі таңда SmartHUB та 10 маман жұмыс атқарады. Cонымен қатар коворкинг орталық, семинар залы, STEM аймағы, бейне-фото студия, демалыс аймағы, бизнес-инкубатор, жұмыс орындары бар. 30 компьютер, 1 робот Промобот-4, 3 дана 3D принтер, сенсорлы тақта және қосымша техникаларамен жабдықталған.
Оңтүстік өңірдегі жоғары оқу орындары арасында алғаш рет Робот-қызметкер Promobot V.4 сатып алынды. Ақылды робот университет туралы ақпаратттар беріп,білім алушыларға қызметкердің қатысуынсыз қызмет көрсететін болады.
Сондай-ақ, SmartHUB Astana HUB халықаралық IT технопаркінің Шымкент қаласындағы Аймақтық ресми өңірлік өкілі болып табылады. 2020 жылғы 12 қараша мен 24 желтоқсан аралығында алғаш рет «Accelerator 2020 бағдарламасы» жүргізілді.
Бағдарламаның 1 ағымына 39 стартап-жоба қабылданды, 15 стартап-жоба толық бағдарламадан бітіріп шықты. Бағдарламаға 18 сарапшы/трекер қатысты. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Astana HUB халықаралық IT технопаркі қаржыландырды.
Осының барлығы еліміздің дамуына үлес қосатын білімді, сапалы мамандарды даярлау мақсатында жасалып отыр.
Бағдат Батырбекұлы барлық жобалармен мұқият танысып, «Ақылды жаяу жүргіншілер жолағы», «Anticovid жобасы», «Price Control», «Ақылды күнбағыс», «Ақылды есептегіш» т.б. жобаларды жоғары бағалап, ииновациялық жобаларды қаржыландыру конкурстарына және авторлық куәліктер алып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуды ұсынды.
Сонымен бірге Anticovid жобасын «СКУД» жүйесімен байланыстырса үлкен жұмыс болатынын атап өтті.
Please follow and like us: