75
Шымкенттің құтқарушылары «Тасқын — 2002» кіріспесі бойынша Түркістан облысына жіберілді, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқыны жағдайына байланысты авариялық — құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жедел жүргізу үшін Шымкент қалалық төтенше жаңдайлар департаментінің арнайы жасағы дайындалды. Жеке құрамында 48 қызметкер бар. 7 бірлік арнайы техника, 4 қайық, 13 дана мотопомпасы бар күштер мен құралдары әзірленді. Он үш күнге азық — түлікпен қамтамасыз етілді.
«Көктем-2021» республикалық командалық — штабтық оқу — жаттығудың нұсқаулығына сәйкес «Тасқын-2002» дабылы келіп түскен. Осы дабыл бойынша Департаменттің күш — құралдары дайындалып, шартты түрде Екпінді елдімекенінде қалыптасқан жағдайға орай Түркістан облысында жөнелтілді. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаев жедел топты құруға тікелей жетекшілік етті. Әрбір құтқарушымен шартты авариялық — құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізді.
Please follow and like us: