Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

75қаралым
Қазіргі таңда қала аумағындағы су тасқынының алдын алу шаралары толық бақылауда. Жалпы жағдай бірқалыпты. Қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық, оларға алдыңғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг айтылды.
Баспасөз мәжілісіне Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев және қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев қатысты.
– Қала бойынша су қоймаларының толуы 15-42% құрап отыр. Қазіргі таңда тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлары бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жою үшін күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді, — деді Жәнібек Кәрімбаев.
Алдын алу шаралары бойынша дайындық барысына тоқталсақ, ТЖ департаменті: 245 адам, 20 техника және 17 жүзу құралдары, 41 мотопомпа; Ұлттық ұлан — 100 адам және 6 техника; Полиция департаменті — 90 адам және 6 техника бірлігі; коммуналдық қызметтер: 550 адам, 65 бірлік жабдықтар (автомобиль цистерналары, вакуумды AЦВ) және 19 бірлік мотор сорғысы (ЖШС «ЛТД-Турмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек-LB», «Нуртау СЕРВИС»).
Су тасқыны кезеңінде авариялық құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қала әкімдігі тарапынан 48 мың дана қап пен 18 тонна құм дайындалған. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 жиналу эвакуациялық пункттері дайындыққа келтірілген.
– Көктемдегі ықтимал су тасқынына байланысты қала аумағында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары 2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында өткізіледі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — көктемгі кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерінің әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйін тексеру. Республиканың су тасқыны қауіпті аймақтарға және су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін Департамент 48 жеке құрам, 7 бірлік арнайы техника, 13 дана мотопомпа, 4 қайық және 14 күнге құрғақ азық-түлік қорымен қамтамасыз күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылып, дайындыққа келтірілді, — деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ж. Кәрімбаев.
Please follow and like us: