Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ОЙЫН КЕСТЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

89қаралым
«Шымкент жастар лигасы» 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Футбол, баскетбол, волейбол ойыны наурыз — мамыр аралығында өтсе, шахмат қыркүйекте ұйымдастырылады, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ordainfo.kz» ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда, мектеп командалары арасында жеребе тасталып, ойын кестесі анықталды. Спорттық ойынның барысы және күнделікті жаңалықтар Instagram әлеуметтік желісіндегі @shymkent_jastar_league парақшасында тұрақты жарияланып отырады.
Жобаға қатысу үшін қаладағы 140 мектептен 536 команда өтінім берген. Оның ішінде, футбол-135, баскетбол-130, волейбол-131 және шахмат-140 команда қатысуға ниет білдірген.
Ойын барысында әр мектептен жасақталған фан — клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік жасап, қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 80 млн теңге. Әр спорт түрінен жеңімпаз командаға 20 млн теңге сыйақы беріледі. Бұл қаржы мектептің материалдық — техникалық базасын жасақтауға жұмасалады.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Please follow and like us: