Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғамҚоғам

Түркістан облысы полицейлері тұрғындардың жоғалған малдарын қайтарды

66қаралым

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен 1 шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып жүрген жерінен тапты. Табылған сиырларды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды. Ал, жәбірленуші болса малдарын тауып берген Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінің кәсібилігіне, жеделділігіне ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Арыс АПБ-нің қызметкерлері де тұрғынның қорадан жоғалған екі қойын тауып берді. Арыс АПБ-не жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалар оның қорасына заңсыз кіріп, әрқайсысы 25 000 теңге тұратын екі қозысын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұрланған қойларды айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға бар-жоғы анықталуда. Күдікті ер азамат қамауға алынды. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үй малдарына сақ болу керектігін ескертеді. Төрт-түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мал ұрлықтары қараусыз қалған малдармен орын алады. Одан бөлек, қара-жайларыңызды берік материалдармен бекітіңіздер.

 

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Келес АПБ Көші-қон полиция тобының инспекторлары полиция капитаны Сәкен Сәрсенбаев пен Жанболат Рахимовтар аудандағы карантин режимі енгізілген уақытта жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет түрін көрсетті.
Нақтырақ айтсақ, ауданның егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмек көрсетті. Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке күміс алқа иегері К.Ермекова анамыз риза болып, полицейлерге өзінің алғысын жеткізді. Полицейлердің осы сынды көмегін алғандар қатарында Қазығұрт ауданының тұрғындары да бар. Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильді топ «Ұлы Отан соғысының» ардагерлері, «Тыл ардагерлерінің» үйлеріне дайын жеке куәліктерін алып барып, қолдарын қойдыртып, заңдастырып берді. Өз кезегінде ардагер Иса Телікбаев, Тұрсын Алтаева есімді қарияларымыз полиция қызметкерлеріне үлкен рахметін айтып, ақ батасын берді. Қарттарымызды құрметтеп, ұлықтау мақсатындағы іс-шараға Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Аудан тұрғындары арасында төлқұжаттарының мерзімі өткен қарт кісілерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қайта құжаттандыру аясында қарқынды қызметтер атқарды.

 

Оның дәлел ретінде айтар болсақ, Өнімгер ауылының тұрғыны, «Тыл ардагері» Сейділлә Молдабековтың үйіне арнайы барып, құжатын жаңалап, абыз ақсақалдың алғысына бөленді. Бұл жолы да қазыналы қартымыз тәртіп сақшыларына өзінің ризашылығын білдіріп, алдағы уақыттағы жұмыстарына табыс тіледі. Өздеріңіз көріп тұрғандай, Түркістан облысы полицейлері қашанда халыққа жәрдемші, қорғаушы болу мақсатында қызмет атқарады. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан өз жалғасын таба бермек.

Please follow and like us: