Алматыда «артымен диірмен сүйрейтін» «крышасы» мықты Кенгербаевтар туралы талай рет жаздым. Соттар жазған шағымды әр ауданға «домалатып» әуреге салудан шаршамаған ау? Енді жоғарғы сотқа жазып жүріп арызды әзер дегенде қабылдаған еді, сылтаудың жаңа түрін ойлап тапқаны ма?
Карантин кезде соттар онлайн түрде өткізілсін деген еді? Ал, Алматы экономикалық сот келуді міндеттеп отыр. Олар үшін емес өзі үшін барады ғой, ал мынадай індет кезінде Шымкенттен Алматыға бару қалай болар екен?
Бұл да бір қитұрқы әрекеттерінің жалғасы ма?
Құрметті Жақып Қажыманұлы!
Әлемді жайлаған індеттен егер құтылып, карантин бітсе әрине барармыз..Бітпесе ше? 6 рет қайтарылған шағымды шағымданушылар келмеді деген сылтаумен жауып тастамақ па? Соншама «тіреуі» мықты болса да орындалмайтын заң бізде ғана ма?
Төленген түбіртектерді жоққа шығару деп сотқа бергенде еш кедергісіз қарайды. Ал, қарапайым, артында тіреуі жоқ, үкіметтен несие алып қайтсек бизнесті дөңгелетеміз деген халықтың млн-даған ақшасын алып, сеніміне кіріп алдап, арбап, әкелуге тиіс құрал жабдықтардың бір болтын әкелмесе де заңға жауап бермесе де тайраңдауы кімнің арқасы екен? Елімізде өзі заң бар ма? Бұл АЛАЯҚТЫҚ емес пе? Біреудің сеніміне кіріп, бөтеннің ақшасын иемдену нағыз алаяқтық емес па? Бірақ, бізде ортада келісім шарт түзілген деп қылмыстық жауапкершіліктен құтылып, келісім шарт орындалмаса да тайраңдап жүретін мемлекет біз ғана шығар?
Ендігі үмітіміздің соңын БҰҰ ұйымынан арашаны күтеміз..