Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

147қаралым

Қоғамда парасаттылық идеялогиясын ілгерілету мақсатында А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы құрылып, ел жастарының бойына тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егу жолындағы ілкімді істер қолға алынған болатын.

Бұл игі үрдіс облыс орталығында да өз жалғасын тауып, қалалық орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығының ресми тұсаукесер рәсімі өтті.

Адалдық аясында ұйымдастырылған жиынға Түркістан аталған орталық кітапхананың «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Алима Хайдарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев, «Түркістан – адалдық алаңы» менеджері Нұржахан Абуова, Түркістан облысы «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Бақытжан Дүкенбай мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Орталықтың ашылу мақсаты — зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналған кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

 

Please follow and like us: