ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖҰЛДЫЗ, ҚАРАТӨБЕ, ҚАЗЫҒҰРТ АУМАҚТАРЫНДА КӨШЕЛЕР АСФАЛТЬТАЛЫП, АЯҚЖОЛДАР САЛЫНАДЫ
153
Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті. Карантин талаптарына байланысты есептік кездесу онлайн форматта өтуде.
Аудан әкімінің баяндауынша, қалаға қосылған шалғай аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілуде.
– Өткен жылы бюджеттен 5 шақырымдық 1-көшені күрделі жөндеуге, 61,6 шақырымды құрайтын 62 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына, 23,5 шақырымды құрайтын 16 көшеге аяқжол орнатуға, 8,9 шақырымға шағал тас төсеуге 3 143,7 млн.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдараламасы аясында 1 610,148 млн. теңге қаржы бөлініп, жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 48 көшені асфальттау жоспарланды. Талдап айтсақ, ауданның орталығындағы магистралды 4 көшеге 6,9 ш/қ орта жөндеу, қалаішілік 12 көшеге 4,6 ш/қ орта жөндеу жұмыстарын жүргізілмек. 9 көшеге 5,2 ш/қ аяқ жол салынады. Қалаға қосылған шалғай аумақтарға да басымдық берілуде, — деді аудан әкімі.
Ғалымжан Ильясовтың мәлімдеуінше, биыл Жұлдыз аумағында 14,2 шақырымдық 14 көше асфальтталады және 1 көшеге 2,5 шақырым аяқжол салынады. Сондай-ақ Қаратөбе аумағында 15 шақырымдық 14 көше мен 3 көшеге 2,8 шақырымдық аяқжол және Қазығұрт аумағында 7,6 шақырымдық 4 көше асфальтталып, 2 көшеге 2,3 шақырым аяқжол құрылысы жүргізіледі.
Айта кету керек, өткен жылы Ленгір тас жолындағы Сайрам су өзенінің үстінен өтетін көпірдің және Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінің үстіндегі көпір пайдалануға берілді. Маятас, Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзенінен, Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам су өзеніннен өтетін, сонымен қатар Елтай тұрғын алабындағы және №1-ші автожолдағы (ТЭЦ-3) көпірлердің құрылыс жұмыстары аяқталды.
Please follow and like us: