Яндекс.Метрика
Қоғам

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: 70 КӨШЕНІ АСФАЛЬТТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

81қаралым
Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұловтың аудан аумағында 2020 жылы атқарылған жұмыстарына есеп беру кездесуі өтті. Карантин талаптарына байланысты есептік кездесу онлайн форматта өтуде.
Алдымен Ғабит Мәуленқұлов ауданды газ, ауыз су, жарықтандыру, көріктендіру, инфрақұрылымды дамыту, көпқабатты тұрғын үйлердің алдында балалар және спорт алаңшаларын салу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
– Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылы 7 көшеге жалпы ұзындығы 2,4 км жол жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Жоба аясында «Сәуле» шағынаудандағы 2 көше жөнделсе, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні аудан аумағындағы 70 көшеге атап айтқанда, «Сәуле» шағынауданында 11 көше, «275 орам» 3 көше, «Забадам», «195 орамда» 5 көше, «Текесу» тұрғын алабы 8 көше, «Ақтас» шағынауданы 5 көшеге асфальт төсеу қажет ететін болса, қала орталығының 38 көшесіне жөндеу жұмыстары қажет етуде. Қазіргі таңда тиісті басқармамен жұмыстар жүргізілуде, — деді аудан әкімі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Please follow and like us: