Яндекс.Метрика
Қоғам

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: АПАТТЫ ЖӘНЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

75қаралым
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлімдеді.
Әл-Фараби ауданы аумағында 26 мектеп бар болса, оның 1-і жекеменшік мектеп. Қазіргі уақытта мемлекеттік 6 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мақсатта 3 мектепке қосымша ғимарат салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ғабит Патшаханұлынң баяндауынша, ауданда үш ауысымда балалар білім алатын 4 мектеп бар. Бұл өзекті мәселені шешу мақсатында, №45 және №47 мектептерге 300 орындық қосымша құрылыс салуға ЖСҚ дайындалуда. Қалған үш ауысымда оқытатын мектептердегі мәселелерді шешу бойынша білім басқармасымен бірлесіп тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар аудан аумағында бір ғана апатты жағдайда тұрған мектеп бар. Қазіргі таңда ЖСҚ дайын, 2021 жылы орнына 300 орындық жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары толық бітіп, беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, ағымдағы жылға аудан аумағында орналасқан №14 Айбек атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Please follow and like us: