85
Шымкент қаласында биыл ауылшаруашылық саласында 16,3 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылып, 1500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.
Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков осы жылы атқарылатын жұмыстары бойынша баяндады.
— Шаһарда аумағы 18 гектар жылыжай кешені құрылады. 241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба, қуаттылығы сағатына 3 тоннаны құрайтын ірі жеміс – көкөніс қайта өңдеу кәсіпорны ашылады. Балық шаруашылығын дамыту үшін 2 ірі жоба жүзеге асады. 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын – 10 жоба, 250 басты 2 тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қала аумағында 136 гектар жерге жылы жай салу жұмысы басталып кетті. Жоба ІІ кезеңде жүзеге асады. І кезеңде инфроқұрылымды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар, «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жерді инвесторға беру жұмысы жүргізіліп отыр.
Please follow and like us: