Яндекс.Метрика
Қоғам

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 7 КӨШЕДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

101қаралым
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 224 шақырым жол асфальт жабынымен жабылған, 58 шақырымы – тас жол.
2020 жылы аудан аумағындағы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Бадам», «Забадам» шағынауданында 6 көше, «Текесу» тұрғын алабында 1 көше, орталық аумақта 14 көшеде жол жөндеу жұмыстары орындалды.
Сонымен қатар, 13 көшеде аяқжол орнату жұмыстары атқарылды. Жалпы «Бадам», «Забадам» шағынауданында 6 көше, «Текесу» тұрғын алабындағы 1 көше, орталық аумақта 6 көшеде аяқжол салынды. Одан бөлек 7 көшеде жалпы ұзындығы 17,8 шақырым веложолдар құрылысы қолға алынды.
Аудан аумағындағы топырақ жолдарды болдырмау мақсатында 276 орамдағы топырақ жолдарға 4,9 шақырым шағал тас төселді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2021 жылы 7 көшеге жалпы ұзындығы 2,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Жоба аясында «Сәуле» шағынаудандағы 2 көше, орталық аумақтағы 3 көше жөндеуден өтеді. Одан бөлек, «Түркістан» көшесінен А-2 жолына дейін, Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары және Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелеріндегі қиылысқа айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде аудан аумағындағы 70 көшеге, атап айтқанда, «Сәуле» шағынауданында 11 көше, «275 орамдағы» 3 көше, «Забадам», «195 орамда» 5 көше, «Текесу» тұрғын алабында 8 көше, «Ақтас» шағынауданында 5 көше асфальт төсеуді қажет етеді. Қала орталығындағы 38 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет.
Please follow and like us: