Яндекс.Метрика
Қоғам

«IKOMEK» МАМАНДАРЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТТІ

98қаралым
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен өткен жылы «Шымкент қаласының ситуациялық» КММ-ы құрылған болатын.
Шымкент қаласының ситуациялық «iKomek109» мекемесі қала тұрғындарының шағымдары мен өтініштерін шешуде нәтижелі қызмет көрсетіп келеді.
Орталыққа хабарласқан тұрғындардың мәселелерін анықтап, көрсетілетін қызметтердің жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал жасау — ситуациялық «iKomek»-тің тікелей функциясы.
Осыған орай, «iKomek» орталығының 49 маманы тестілеуден өтті. Тест сұрақтарының мәтіні қала тұрғындары арасында көптеп кездесетін мәселелерге бағытталған. Мәселен, жиі қойылатын сұрақтарға қалай іс-әрекет жасау қажеттігі, әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық көлік, қала инфрақұрылымы секілді тақырыптардағы 32 сұрақ қамтылған.
Тестілеу жөнінде толығырақ мекеме басшысы Азат Әміртай айтып берді. «Тестілеудің мақсаты — орталықтың мамандары мен инспекторларының білімін жетілдіру болып отыр. Осы арқылы қызметкерлердің деңгейін анықтай аламыз. Нәтижесінде төмен балл жиғандары қайта оқытудан өтетін болады», — деп түсіндірді.
iKomek 109 орталығымен байланысу түрлері:
1. Бірыңғай ТЕГІН «109» нөміріне хабарласу;
2. WhatsApp +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама қалдыру;
3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.
Please follow and like us: