81
Түркістан облысы, Келес ауданында электр желілері жаңарды. Нәтижесінде 58 елдімекен сапалы электр қуатымен қамтылып, қамту үлесі 70 пайызға жетті.
Былтыр төрт елдімекенде, атап айтқанда, Біртілек ауылдық округінің Дмитров, Еңбекші сонымен қатар, Ошақты ауылдық округінің Атақоныс, Берекелді елдімекендеріндегі электр бағаналары құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда аудан бойынша 18 елдімекеннің, атап айтқанда, Ошақты ауылдық округіндегі Қөңыртөбе, Саңырау, Ошақты, Алпамыс батыр ауылдық округіндегі Ақжол, Қауыншы, Ақтөбе ауылдық округіндегі Жуантөбе, Ақжар, Жаңадәуір, М.Горкий, Ескіқорған, Көгерту, Қаратөбе, Қияжол, Бозсу, Ғ.Муратбаев, Құйған, Көкбұлақ, Ынтымақ елдімекендерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.
Биыл тағы алты елдімекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда «Қызыласкер» қосалқы подстанциясының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған қосалқы подстанциядан 3 аудан сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан өткен жылы 387,4 млн теңгеге 50 шақырымнан астам электр желілерімен 15 бірлік трансформатор орнатылды. Биылғы жылға жалпы құны 1 135,5 млн. теңгеге тағы 50 шақырымнан астам электр желілерімен 14 бірлік трнсформаторлар орнату жоспарлануда.
Please follow and like us: