61
Әл-Фараби ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ өкілдері тұрғындар арасында коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді.
Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, прокуратура, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары бар.
Арнайы топ кәсіпкерлік нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамаған тұлғаларды анықтап, карантин талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 тармағы бойынша 4 хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, тұрғындар мен кәсіпкерлерді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қала аумағында карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы 17.12.2020 жылғы №46 қаулысының талаптарын орындауға шақыруда.
Байланыс нөмір:8 /7252/ 53-28-92, 8 /7252/ 39-02-01
Please follow and like us: