72
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне арналған 500 орындық 3 жатақхана құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті. Арнайы капсулада 2070 жылға болашақ ұрпаққа арналған тілектер мен үндеу жазылған тарихи жазба қалдырылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, университетте шетел мен еліміздің алыс аймақтарынан келіп оқитын білімгерлердің көбеюіне байланысты 1500 орындық, яғни, 500 орындық 5 қабатты 3 жатақхана салуды жоспарлы түрде жүзеге асатын болады. Жатақхананың жалпы аумағы 40 мың ш.м.
Бүгінгі жиынға Түркістан облысы орынбасары Арман Сәбитов, Университет президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президенті Женгиз Томар бастаған профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қазіргі таңда оқу орнында 10 мыңнан астам студент білім алуда. Қазір қашықтықтан білім алып жатқан студенттер келер жылы заманауи үлгідегі жайлы жатақханаға орналасатын болады.
Инвестор «Alem Trust Construction» ЖШС директоры Асқар Құрбанов жаңа жатақхананың еліміздегі ең үлкен жатақханалардың бірі болатынын айтып, жатақхана құрылысымен таныстырды.
Please follow and like us: