Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ПОДСТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ 

46қаралым
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған «Бозарық» қосалқы подстанциясының құрылыс алаңына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға берілген соң, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент сити, Достық және Нұрсәт шағынауданындағы 250 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
«Бозарық» қосалқы станциясындағы құрылысты пысықтаған Мұрат Әйтенов тұрғындарды сапалы жарықпен қамту мақсатында жұмысты жылдамдатуға тапсырма берді.
Сонымен қатар, қала әкімі құрылысы жүріп АГРС-3 нысанына да барды.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның 90 пайызы аяқталды. Нысан қосылғанда қала аумағында орналасқан өндірістік және әлеуметтік нысандарды сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Please follow and like us: