Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЕКІ НЫСАН СОТ ШЕШІМІМЕН БҰЗЫЛДЫ

62қаралым
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Өтенбаев 11 айда атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді.
Ғалымжан Әмірбекұлының айтуынша, жыл басынан бері құрылыс компанияларынан лицензия алуға, оларға қосымшалар мен қайта рәсімдеуге басқармаға 454 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: берілген лицензиялар – 125, бас тартылғаны – 242, қайта рәсімделгені – 73.
Сонымен қатар, сарапшылық аттестат алуға 206 өтініш түскен. Қаралғаны – 206. Оның ішінде: аттестатталғаны – 27, аттестаталмағаны – 172, қайта рәсімделгені – 2.
– Заң бұзушылықтарды жою бойынша басқарма тарапынан 54 нұсқама енгізілді. Оның 15-і орындалды. Жалпы заң талаптарын және жер кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 128 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31,7 млн.теңге айыппұл салынды. Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінде 5 инспектор қызмет атқарады. Яғни, әр инспекторға шаққанда 5,9 млн теңге айыппұл салынған. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика бойынша алда келеді, – деді Ғ. Өтенбаев.
ҚР азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес, 10 айдың қорытындысы бойынша сотқа жолданған талап-арыздар саны – 38, оның қанағаттандырылғаны – 17. Сот орындаушыларының өндірісінде (бұзылуға сот шешімдері шыққан нысандар) – 13.
Please follow and like us: