Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАНДА

75қаралым
Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс және жаңа технологияларды енгізу барысымен танысу үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Ол облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге жаңа әкімдік ғимаратында орналасқан Ахуалдық орталық пен «109» қауырт желісінің жұмыстарымен танысып, өзінің оң бағасын берді.
Коронавирусқа байланысты ел аумағында төтенше жағдай енгізілген кезден бастап, 16 — наурыз күні Түркістан облысында COVlD-19 Ахуалдық орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталықта тұрақты түрде жеті талдаушы 24/7 форматында жұмыс істейді. Шетелде тәжірибе жинақтаған арнайы сарапшылар 5 базалық бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарады. Денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, азық-түлік, БАҚ және әлеуметтік желілер сияқты басым бағыттар бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді. Карантиндік шектеу шаралары бойынша орталық облыстың 16 өңірі мен қаласынан 119 мобильді топтың деректерін және жүргізілген жұмыстар туралы есептерді жинақтайды. Барлық танымал әлеуметтік желілердің жазбаларын талдау және бақылау қолға алынды.
Түркістан облысы полиция департаментінен 2019-2020 жылдардағы қылмыстар мен оқиғалардың барлық түрлері бойынша деректерді тұрақты өңдеу және талдау, күнделікті жедел мәліметтерге мониторинг жүргізу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша мониторинг жасау, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бойынша талдау, жер учаскесінің кадастрлық нөмірлерін көрсете отырып, егіс аумағын пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін егістік жер учаскелерінің аумағы туралы мониторинг және талдау өткізіледі.
Кез-келген уақытта Түркістан өңірінің барлық саласы бойынша төтенше жағдайларға тез арада әрекет етуге бағытталған әмбебап орталығының жұмысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында.
Please follow and like us: