109
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы шеңберінде ҚР ІІМ мен Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ өкілдігі бірлесе отырып, «Отбасылық орталығы» қоғамдық қоры өткізетін «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті проблемалары» тақырыбында конференция онлайн-режимде өткізілді.
Конференцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және отбасы құқықтарын қорғау саласындағы серіктестік мәселелерін талқылау болып табылады.
Аталған шараға Түркістан облысынан ТО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаев пен ТО ПД ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы полиция подполковнигі Жанар Қалабаева қатысты.
Жалпы, әйелдерге қатысты зорлық–зомбылықты болдырмау, алдын алу бағытында Түркістан облысында біршама іс-шаралар атқарылуда. Қалалық, аудандық полиция бөлім, басқармалардың қызметкерлерімен отбасы-тұрмыстық саласында құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, сондай-ақ, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа құжаттарды жолдау бағытында жұмыстар қолға алынып, іске асырылуда.
Одан бөлек, облыста әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік» атты акциялары тұрақты ұйымдастырылуда.
Please follow and like us: