Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

77қаралым
Шымкент қаласында күзгі егін жинау жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 27,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артты.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дала жұмыстарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді.
Оның айтуынша, күзгі дала жұмыстарын толығымен мерзімінде аяқтау үшін 725 доңғалақты трактор және 35 комбайн жұмылдырылған. Нәтижесінде 27,9 мың гектар егістік алқабынан 59,3 мың тонна өнім жиналды.
Атап айтқанда, 14,0 мың тонна дәнді дақыл, 2,3 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 29,7 мың тонна көкөніс, бақша және 10,8 мың тонна мал азығы жиналды.
Күзгі дала мен жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес берілді.
Тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 122 млн теңге бөлініп, 1373,4 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.
Сонымен қатар, қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 гектар жылыжай жаңадан іске қосылып, жалпы жылыжайлардың көлемі 195,2 га жетті. Оның қатарында «Таза өнім», «Арман Агро», «Колесников А.В.» секілді шаруақожалықтары бар.
Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының мәліметінше, келер жылы егіс көлемі 29,3 мың гектарды құрап, биылғы жылмен салыстырғанда 1,4 мың га артық егіледі деп жоспарлануда. Одан 71 мың тоннадан аса өнім жиналады күтілуде.
Please follow and like us: