Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА УАҚ МАЛ БАСЫ АРТУДА

67қаралым
Бүгінде Түлкібас ауданында уақ мал бағуды кәсіп етіп жүрген шаруалар саны артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан да қолдау да бар. Ауданда ата кәсіпті жандандырып жатқан қожалықтың бірі Ақбиік ауылдық округіндегі «Қуаныш» шаруа қожалығы.
Бүгінгі таңда аталмыш қожалықта 500 бастан астам гисар, еділбай, қазақы қой түрлері бордақылануда. Қожалық төрағасы Донбаев Балқыбектің айтуынша, қой етіне сұраныс жоғары. Мемлекет тарапынан қолдаулар көп. Мәселен, биылғы жылдың өзінде қожалық төрағасы мемлекет тарапынан 20 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, оған 350 бас қошқар және 150 бас тоқты алып, мал басын көбейткен. Соңғы екі айдың ішінде 350 бас бордақы қойын етке өткізіп, пайдасын көрген.
Айта кетерлігі, бүгінде қожалықта сиымдылығы 1000 бастық қора мен 250 тоннаға есептелген жем сақтайтын қоймасы бар. Қожалық 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қажетті жем-шөптері де шаруа қожалыққа тиесілі 12 гектар жерден өндіріледі. Келесі жылы қожалық асыл тұқымды аналық басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Please follow and like us: