Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДІ МАРАПАТТАДЫ

100қаралым
Түркістан облысының полицейлері адасып қалған 2 жасар бүлдіршінді табуға көмектескен жасөспірімді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Ордабасы АПБ-не кешкі сағат 18:30 шамасында Темірлан елді мекенінің тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, есік алдында ойнап жүрген 2 жасар қызы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ордабасы АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті.
Кішкентай бүлдіршінді табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.
Арада 1 сағаттан астам уақыт өткенде полицияға 10-сынып оқушысы хабарласып, көшеде жалғыз жылап жүрген кішкентай қызды тауып алғанын жеткізеді. Осылайша, жоғалған бала Әділет есімді жасөспірімнің арқасында аман-сау күйінде табылып, ата-анасына табысталды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары балақай үйдің ауласында ойнап жүріп шығып кетіп, 8 көше ары кетіп адасып қалғанын анықтады.
Өз кезегінде Ордабасы АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев аталмыш кішкентай қызды дін-аман тауып, отбасына қайтаруға өзіндік үлесін қосқан Әділет Әділерұлының әрекетіне риза болып, оны «Алғыс хатпен»» марапаттады.
Оған қоса Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа ойнауға шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.
Please follow and like us: