95
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Qazaq radiosy»-на Президент Жолдауының қалай жүзеге асып жатқаны жайлы баяндады. Бұл Мұрат Дүйсенбекұлының радиоға берген алғашқы сұхбаты.
«Ресейдегі оқып жүрген кезде «Қазақ радиосын» тыңдап, елге деген сағынышымды басатынмын. Қазір де сол дәстүрді бұзған жоқпын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоарнасын қосып қоюға арнайы тапсырма беріп, өзім қадағалап отырамын», — деді сұхбат барысында қала әкімі.
Еліміздегі үшінші мегаполис ұлттың үнжариясын насихаттаудың осындай керемет үлгісін ұсынып отыр.
«Арнайы шығарылым» хабарының қонағы «Qazaq radiosyn» 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, алдағы іс-шараларға «ТМД елдерінің мәдени астанасы» ретінде қолдау көрсететінін жеткізді.
Please follow and like us: