Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

79қаралым
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Шымкентте 23 қараша күні қалалық перинаталдық орталықта 21 жастағы ана дүниеге үшем әкелді. Бұл оның үшінші жүктілігі, дейді дәрігерлер.
Өмір есігін ашқан үшемнің үшеуі де ұл бала. Үшемдер жүктіліктің 35 аптасында кесір тілігі арқылы дүниеге келген.
Алғаш туғанда олардың салмақтары 2360, 2090 және 2330 грамм болған. Бүгінгі күні үшемнің және анасының жағдайлары жақсы. Күн санап салмақ қосуда. Сәбилер мен анасы қалалық перинаталдық орталықта 10 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, күні кеше үйіне шығарылды.
Please follow and like us: