Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

76қаралым
Қазақстан аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» акциясы жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылдап жатқан шаралармен таныстыру.
Акция барысында Төлеби АПБ-нің қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіп , буклеттер, жадынамалар үлестірудегі жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар аудан көлемінде 197 әйелдерге қарсы қылмыстар тіркелген. Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста -120, қылмыстық іс қозғалғаны -89, өндіріспен қысқартылғаны -52. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша -126, қоғамдық орындарда — 71 құқық бұзушылықтар анықталған. Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқыққа қарсы әркеттері үшін 189 тұлғаға қорғау нұсқамасы рәсімделген.
Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру мақсатында, бүгінгі күнге дейін жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен, атап айтқанда Төлеби аудандық сотының конференция залында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Онда зорлық-зомбылықты алдын алу, онымен қалай күресу жолдары талқыланды. Сондай-ақ Төлеби ауданы аумағында орналасқан ЖОО және орта білім беру орындарында студеттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Please follow and like us: