Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ СӘУЛЕТ ҮЛГІСІНДЕГІ ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

73қаралым

Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан — Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады.

Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынып жатқан желілік саябақтағы жұмыс барысын тексерді. Жасыл желекке оранған желілік бақта демалыс аумақтары мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін сәулет үлгілері орнатылған.

Қалаға көрік берген «Парасат» саябағы да ерекше келбетімен саялы баққа айналып келеді. Қайта жаңарту жұмыстары аясында демалыс орнында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық салынуда. Нәтижесінде, саябақ сумен қамтылып, қайта «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі. Ал, «Түркістан-Кентау» бағытындағы жолдың екі шетіндегі тасарықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суаруды қамтамасыз етеді.

Please follow and like us: