160
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Қарауыл төбе» биігінде «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік ту тігілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, мемлекеттік рәмізге алғашқылардың бірі болып құрмет көрсетті.
«Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны — мемлекеттік туымыздың дәл осы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында желбіреуі заңдылық деп білемін. Өйткені, жолайрықтағы бұл тарихи төбе – Ордабасы ауданының өсіп-өркендеуінің куәсі ғана емес, тамыры тереңде жатқан көне жәдігер. Тарихты зерделеу, оны насихаттау ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын бірден бір фактор», – деді аудан әкімі.
Ту тұғырдың биіктігі 30 метрді құрайды. Қайта жаңғыртылған төбеде аудан тарихы таңбаланған тақта орнатылған. Айта кетейік, тарихшылардың сөзінше бұл «Қарауыл төбе» сақ дәуірінен хабар беретін көне жәдігер.
Please follow and like us: