Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШ КЕЗЕҢ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

86қаралым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар төңірегінде Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахановтың қатысуымен тікелей эфирде сұхбат өтті.
– Шымкент қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Орталық басқару жүйесіне интеграцияланған 479 сыртқы, 212 интеллектуалды және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен 2 441 камера орнатылған. Сондай-ақ, қала әкімдігі тарапынан жасалған үш жақты меморандум шеңберінде 60 камера жұмыс істейді. Одан бөлек, қаладағы интернет сапасын арттыру жұмыстары үш кезең бойынша жүргізілуде. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 38 тұрғыналап интернет желісіне қосылады, – деді Әсет Маратұлы.
Спикердің сөзінше, биыл Цифрландыру басқармасы азаматтардың өмір сүру және қызмет көрсету сапасын жақсарту, жүйелік мәселелерді шешу үшін «109» бірыңғай байланыс орталығын ашқан. Нәтижесінде қоғамдық көлік, газбен қамтылу секілді әлеуметтік түрлі мәселелер бойынша 26 400 өтініш түсіп, оның 25 307-сіне нақты жауап берілген.
Please follow and like us: