66
Шымкент қаласындағы Көрме орталығында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Кітап FEST» фестивалі өтуде.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай 30 қарашада басталған іс-шара апта бойы жалғасады. Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени құндылықтарды дамыту, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан фестивальдің ашылу рәсімінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның инттеллектуалды әлеуетін көтеру қажет екенін атап өтті.
Іс-шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларынан баспа үйлері, кітап дүкендері, қалалық кітапханалар жаңа кітаптарын көпшілік назарына ұсынып отыр.
Фестиваль аясында оқырмандармен кездесу, әдеби сағаттар, жаңа кітаптың таныстырылымы сынды тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Балаларға базарлық» қайырымдылық бұрышы кітапсүйер қауымның көңілінен шығып, қоғам арасында мейірім мен ізгілікті жандандыруға өз үлесін қосуда.
Фестивальге қатысушылар қайырымдылық бұрышына өз кітаптарын сыйға береді. Бұл кітаптар фестиваль соңында қаламыздың аз қамтылған және тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларының балаларына үлестіріледі.
Айта кетейік, кітап фестивалі 5 желтоқсанға дейін жалғасады.
Please follow and like us: