Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АХАТ БӨЛІМІ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

84қаралым
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты АХАТ бөлімі жаңа қонысқа көшті. Яғни, «Нұрсәт» шағынауданы Бәйтереков көшесі №89 үйде қызмет көрсетіп келген аталған бөлім ендігі кезекте «Нұрсәт шағынауданы» №46 «А» үйде жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, тиісті басқармаға қарасты бөлім тууды мемлекеттік тіркеу, әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, неке бұзуды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту және қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қызметтерін жүзеге асырады. Сондай-ақ, қалпына келтіру, қайталама берілген куәліктер және акт жазбаларын жою жұмыстарын атқарады.
Please follow and like us: