Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ИНДЕКСТЕУГЕ 3 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ – ТОҚАЕВ

83қаралым
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі барысында айтты.
Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі күрделі әлі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінде Nur Otan партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналған. Халқымыз бізге қашан да зор сенім артады. Әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдады, — деді Тоқаев.
Президент атап өткендей, партия тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп келеді.
Nur Otan белсенділері мен еріктілері мұқтаж жандардан көмегін аяған жоқ. Осындай нақты жұмыс пен шынайы жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырады. Бұл ретте Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету — негізгі міндеттің бірі. Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айттым, — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы реформаларды жүзеге асыру барысында Nur Otan партиясының зор әлеуетіне сүйенетін боламыз.
Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржы мен жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет АӘК-ні шынымен мұқтаж жандарға беруі керек. Ең бастысы – әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға аса мән береміз. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте оны инфляция деңгейінен 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз, — деді ол.
Тоқаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығына қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
Осыған орай, берілетін арнайы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ¼ есе көбейтілген мөлшеріне тең болады. Алдағы 5 жыл ішінде біз ерекше күтімді қажет ететін адамдарды арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ оларға толықтай оңайту сауықтыру қызметі ұсынылады. Әр адамға табыс табу мүмкіндігін беру керек. Нақты шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 30 пайызға жетеді. Осындай жандардың кәсіби қызметпен айналысуы мен білім алуына мүмкіндік жасау өте маңызды. 5 жылда колледж бен ЖОО инклюзивті білім берумен толық қамтылады, — деді Тоқаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазмедиа орталығында» Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды.
Please follow and like us: