74
Шырайлы Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы – біз үшін үлкен мақтаныш. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкенттің бұл мерейлі де мәртебелі міндетті абыроймен қорытындылап, ел тарихында, шаһар шежіресінде айтулы бір қолтаңба қалдырды. Жыл бойына атқарылған мәнді де маңызды шаралар күн шуақты қаланың мәдени-рухани тынысын паш етіп, пандемияға байланысты шектеулерге орай онлайн форматта әсерлі жобалар жүзеге асты.
Мәдени астана атауын Тәжікстанның Душанбе қаласына табыстаған кешегі салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: Біз бүкіл ТМД елдеріне ортақ рухани құндылықтар – мәдени-әдеби, тарихи мұраларымызды насихаттау мен байланысымызды нығайту үшін топтаса білдік,-деді.
Иә, бұл күн бірлігіміз бен ынтымағымызды танытқан мереке болды.
Татьяна Мартыненко,
мәдениет қайраткері
Please follow and like us: