Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР ОРТАЛЫҚ АЛАҢДАРДА КҮЙСАНДЫҚ ТАРТЫП, МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙГЕ БӨЛЕНДІ

79қаралым
«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында мәдениет қызметкерлері орталық алаңдарда «Piano Performance»-ты қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетуде.
Мұнда боялған күйсандықты тартуға әуестігі бар қала тұрғынының кез келгені тартып, көрерменнің көзайымына айнала алады. Бұл пианинолар шаhардың бес жеріне орнатылған.
– Қалада көптеген музыкант бар. Кейде мұндай талантты адамдардың көрші жерде тұратынын біле бермейміз. Осыған орай «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылуы рәсімінде нағыз арт-нысандарда орындалатын жанды музыка шырқалуда. Яғни, дарыны ескерілмей жүрген өнер адамдары күйсандықта ойнауға мүмкіндігі бар, – деді Шымкент қалалық Опера балет театрының концертместері Гюзель Кауленова.
Оның айтуынша, боялған пианинолар әлеуметтік институттар интерьеріне еніп, қала тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлауды жалғастыра бермек.
Айта кетейік, 22 қараша күні ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасы Душанбе қаласына табысталады.
Please follow and like us: