Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ — МӘДЕНИ АСТАНА: АРБАТ — АЛЫП ТЕАТР САХНАСЫНА АЙНАЛДЫ

70қаралым
Үшінші мегаполисте мәдени астана жылының салтанатты жабылу іс-шаралары өтуде. Осыған орай Арбат демалыс орны алып театр сахнасына айналды.
Қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары осында. Театрлар мен әртістер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.
Арбаттың кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, мерекелік нөмірін ортаға салды.
Одан кейін «Қызыл трактор» өнер тобы ерекше көрініспен қуантты. Заманауи және ұлттық стильді ұштастырып, өзгеше костюммен ерекшеленген өнерпаздар алып ер-тұрман пішініндегі инсталляция айналысында би биледі. Тылсым көріністі адыраспан түтіні толықтыруда.
Арбатта, сонымен қоса, қазақ, орыс және өзбек театрлары бірлескен қойылым әзірлеп, ән-жырмен қоса сахналық көріністерін паш етті. Жонглерлар мен басқа өнерпаздар да Арбаттан табылды.
Бүгінгі мәдени іс-шараның тағы бір ерекшелігі — жанды «мүсіндер». Өнер иелері батыр, абыз ақсақал, музыкант және суретші кейпінде қозғалмастан тұрып, қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды.
Нұрлан Бектаев, Шымкент.
Please follow and like us: