Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

69қаралым
Шымкент қаласы Қаратау ауданының 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.
– Биыл Қаратау ауданында Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұран, Достық, Асар-2 және Азат шағынаудандарында табиғи газбен жабдықтау бойынша ішкі орамдық жүйелердің құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар аяқталса, табиғи газбен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 85 пайызды құрайды, – деді А.Әліқұлов.
Спикердің айтуынша, ауданда 47 202 тұрғын үйдің 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, қаладағы АГРЭС-3 бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері су жиналатын көшелерге, яғни, ұзындығы 5,6 шақырымға ирригациялық арық орнатылған.
Фото – Береке Сейітжаппар
Please follow and like us: