60
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысымен танысты.
Мақсұт Пернебайұлы жұмысшылардың құқығын қорғайтын «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зертеу институты» Шымкент қаласы бойынша филиалы мен «Безопасный труд» ЖШС басшыларымен кездесіп, жұмыскерлердің құқығын күшейту керектігін айтып өтті.
— Біз ең алдымен жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқығын басты назарда ұстауымыз керек. Олардың қажеттілігіне қарай арнайы курстардан өткізіп, біліктілігін арттыруға және үнемі жаңашылдыққа бағыт-бағдар беруіміз қажет, — деді ол.
Сонымен қатар, еңбек инспекциясына жекеменшік кәсіпорындарда қызмет ететін жұмысшылардың да қауіпсіздігі мен құқығын назардан тыс қалдырмауды тапсырды.
Please follow and like us: