68
Елдегі карантин жағдайына байланысты «Шымкент мәдени астана» жылында ұйымдастырылған іс-шараның барлығы онлайн форматта ұйымдастырылды. Жыл басынан бері қалада 1500-ден астам мәдени іс-шара онлайн ұйымдастырылып, миллионнан астан көрермен тамашалаған.
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында баяндады.
– Мәдени астана жылының жабылу салтанаты 22 қараша күні сағат 15.00-де онлайн өтеді. Қаладағы саябақтарда 7 жылжымалы театр, 5 музыкалық перфоманстары, ақындар, жазушылар және әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтеді. Қаламыздың жас суретшілерінің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері өтеді. Келесі жылдың мәдени астанасы эстафетасын Тәжікстанның Душанбе қаласына береміз, — деді қала әкімі.
Барлық іс-шаралар қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты мәдениет мекемелерінің қатысуымен өткізіледі.
Айта кетейік, мәдени астана жылының жабылуына орай қалада 14 қарашадан бастап «Шымкентке 2200 жыл» атты керуен өз жұмысын бастаған болатын. Керуен қала көшелерімен жүріп, қала тұрғындарының Душанбе қаласына деген ізгі тілектерін жинайды.
Please follow and like us: