Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ «ӘКІМ САҒАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҮЗДЕСТІ

73қаралым
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында тікелей эфирде өтетін кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Бағдарламада арнайы Call орталық құрылып, арнаның ресми сайты мен әлеуметтік желілер арқылы сұрақтар қабылданды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен шаһардағы сақтық шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
– Коронавирус инфекциясының ықтималды толқынына үш сценарий бойынша дайындалдық. А – қазіргі жағдай, 1 220 төсек-орын әзірленген. В – маусымдық эпидемиологиялық ахуал нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін арттырамыз. Жағдай күрделенетін болса С сценарий бойынша 5 416 төсек-орын дайындалады. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аталған үш сценарийге дайын, — деді қала әкімі.
Тұрғындар тарапынан жолданған сұрақтардың басым бөлігі денсаулық, шалғай елдімекендердегі инфрақұрылым, транспорт және құрылыс саласына қатысты болды.
Сонымен қатар, қала әкімі әлеуметтік желі мен Call орталыққа келіп түскен сұрақтарға ретімен жауап берді.
Please follow and like us: