Карантин күшейтілсе халыққа 42500 емес, 85000 теңгеден беруді ұсынамын.
Азық-түліктің, жанар-жағар майдың қымбаттауы мен теңгенің құнсыздануын Үкімет назарға ұстап, қиналып отырған халық жағдайына барынша жағдай жасауды сұраймын.
Еліміздегі жұмыссыздық пен тұрақты жұмысы жоқтар, пәтер жағалап жүрген қазақтарымыздың пәтерақысын төлеуге шамалары жоқтар да көптеп кездеседі.
«Байдың малын байғұс қызғаныпты»- дегендей, сол халықтың қазынасынан жиналған қаражатты ит пен құстың жемсауына жұмсағанша, неге өздеріне жаратпасқа?! Пандемия кезіндегі қаражатты жымқырды деген күдікпен істі болып жатқан экс-министр Біртановтың»құлқынына» кеткен қаражатты қара халыққа жұмсағанда болмас па еді?
Қасым Жомарт Кемелұлы!
Мен ұсынған бұл дат қара халықтың көкейіндегі Сізге айтар өтініші деп қабылдап, нәтиже шығарады деген үміттемін.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
РҚА «Темірқазық_Ой» газетінің Бас редакторы Сулеева Анаркул.