Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы аймақтың оңтүстік өңірінде орналасқан аудандарындағы жолдардың сапасын арттыруға басымдық беріліп отыр. Мәселен, биыл Мақтаарал ауданында 196,9 шақырым жуық жол мен елді мекен көшелеріне асфальт салу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар — 61 шақырымдық 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 22 шақырымы аудан аумағында орын алған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылуда. Ал облыстық маңызы бар — 61,2 шақырымдық 7 жолға орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оның 5,9 шақырымы төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылып жатыр. Аудандық маңызы бар — 74,7 шақырымдық 56 көше күрделі және орташа жөндеуден өтуде. Оның 26 шақырымы су тасқынынан орын алған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылып келеді. Сонымен қатар, аудандағы 94 топырақ көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен тас төселді.
Жыл соңына дейін көшелер толық пайдалануға берілетін болады. Аталған жұмыстардың қорытындысымен Мақтаарал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 90 пайызға жететін болады.