59
17 қазан 2020 жылы Еңбекші АПБ-ның кезекші бөліміне «102» арқылы Шымкент қаласы, Айнатас елді мекені, №12 орамының нөмірсіз үйде отбасылық жанжал болып жатқаны бойынша хабарлама түскен.
Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №52 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, мас халдегі ер азамат үйіне 50 литрлік газ балоны мен кәмелет жасына толмаған екі баласын алып кіріп, олардың өміріне қауіп төндірген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен (қауіпті жағдайда қалдыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Медициналық куәландыру нәтижесінде ер азамат орта дәрежеде мас болған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті
Please follow and like us: